2024 жылдың 15 қарашасында АҚЖКК «Құқықтану» мамандығының екінші курсында арнайы пәндер оқытушысы Ильясова Самал Ибраевна ұйымдастырған «Құқықтық жауапкершілік ұғымы және түрлері» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың мақсаты білім алушылардың құқықтық жауапкершіліктің негізгі түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру және оның құқықтық жүйеде маңыздылығын түсіну болды. Сабақ барысында білім алушылар заңсыз мінез-құлыққа қатысты мәселелерді белсенді талқылап, құқықтық жауапкершіліктің әртүрлі түрлерін зерттеді және сыни ойлау мен құқықтық сауаттылықты дамытуға ықпал еткен құқықтық жағдайларды талдады.