2024 жылғы 15 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде, колледж білім алушылары, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі инспекторлары Махамбетова А.Е. және Кошкенова А.О. интернет-алаяқтықпен күресу мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Шақырылған қонақ ретінде Ақмола облысы ПД ЕҚБ полиция подполковнигі Курсанова Р.Т. сөз сөйледі.
Іс-шара барысында білім алушыларға «Дроппер» профилактикалық бейнеролигі көрсетілді, ол білім алушыларды қаржылық алаяқтық схемалары және алаяқтық схемалардағы дроппелердің рөлі туралы хабардар етті. Студенттер дроппелердің кім екенін, алаяқтардың қалай жұмыс істейтінін және осындай схемаларға қатысқандар үшін қандай қылмыстық салдары болуы мүмкін екенін білді.
Полиция подполковнигі Курсанова Р.Т. интернет арқылы есірткі заттарын тарату әдістерін, нашақорлар мен олардың әрекеттері, сондай-ақ осындай қылмыстардың салдары туралы айтып өтті.
Іс-шара соңында қатысушыларға алаяқтардан қорғау және жастарды заңсыз қаржылық схемаларға тартудың алдын алу бойынша практикалық кеңестер берілді.