АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 15 Қараша 2024 10:54

Әскери бөліміне экскурсия

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің білім алушылары үшін №5510 Әскери бөліміне экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шара жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау, сондай-ақ колледж білім алушылары арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында өткізілді.

Экскурсия аясында Әскери бөлім қызметкерлері білім алушыларға әскери көліктерді, қару үлгілерін, сондай-ақ кинологиялық қызметтің жұмысын көрсетті. Білім алушылар әскери қызметшілердің алдында тұрған міндеттер туралы біліп, қызметтік иттерді даярлаудың қалай жүріп жатқанын көре алды.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының құрылуы мен дамуы туралы бейнеролик көрумен аяқталды, бұл студенттерге Қарулы Күштердегі қызметтің маңыздылығын және қоғамдағы құқықтық тәртіптің маңыздылығын жақсы түсінуге мүмкіндік берді.