АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 08 Қараша 2024 09:20

«Жайнар» еріктілер қозғалысы

2024 жылғы 4 қарашада Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі жанындағы «Жайнар» еріктілер қозғалысы қарттарға арналған «Доброе сердце Lider.kz» интернат-үйіне барып, «Қарты бардың – қазынасы бар» акциясын өткізді. Білім алушылар қарт адамдарға арнап керемет концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Бұл іс-шара тек аға буынға деген құрмет көрсетуге ғана емес, сонымен бірге олардың қажеттіліктеріне назар аударуға, олардың өміріндегі қамқорлық пен қолдаудың маңыздылығын атап өтуге бағытталған.