2024 жылғы 1 қарашада АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасының оқытушысы Акиньшин Н.А. оқу қызметінің белсенді нысандарын қолдана отырып, сабақтар өткізу шеңберінде «Газ-түтіннен қорғаушыны дайындау» пәні бойынша ашық практикалық сабақ өткізді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың кәсіби дайындығын арттыру, тыныс алуға жарамсыз жағдайларда жедел әрекет ету және өрттерді тиімді сөндіру үшін қажетті теориялық білімдерін және практикалық дағдыларын бекіту.
Сабақ барысында білім алушылар экстремалды жағдайларда газ-түтіннен қорғаушының тәртібіне әсер ететін негізгі психофизиологиялық аспектілерді және оның жұмысының қауіпсіздігі мәселелерін зерттеді. Қауіпсіздікті басқарудың психологиялық аспектілеріне, сондай-ақ газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары үшін психологиялық қорғау және төтенше жағдайларда көмек көрсету әдістеріне ерекше назар аударылды.