2024 жылдың 31 қазанында АҚЖКК Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығы «Менің алғашқы тәжірибем» атты дөңгелек үстелін ұйымдастырды. Аталған дөңгелек үстелге ДОВ-42 және ДОВ-22 білім алушылары қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты өзара тәжірибе алмасу, қатысушылардың дарындылығын және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Бірлескен жұмыстың арқасында жиналған білім алушылар кәсіби тәжірибедегі алғашқы қадамдарын талқылап, сонымен қатар зияткерлік және кәсіби өсу үшін құнды кеңестер ала алды.