2024 жылғы 30 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің оқытушылары Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының мектепке дейінгі, қосымша, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары оқытушыларының өңірлік Форумына қатысты. Форум қатысушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, педагогикалық тәжірибе алмасуға, сондай-ақ кәсіптік-техникалық білім берудің оң имиджін нығайту үшін жаңа әріптестік байланыстар орнатуға бағытталған.
Колледж оқытушысы Токтамысов Д.С. «Білім берудегі нейрондық желілер және жасанды интеллект: педагогтің болашағы мен тәжірибесі» тақырыбындағы баяндамасына ерекше назар аударылды. Осы баяндама бойынша оқу үдерісінде цифрлық технологияларды қолданудың заманауи тәсілдері қамтылды.