АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 30 Қазан 2024 10:05

Тренинг

2024 жылғы 28 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде психолог Мазбаева Г.А. 1 және 2 курс білім алушылары арасында «Сыпайылық – сұлулықтың белгісі, адамгершілік негіздері» тақырыбында тренинг өткізді. Осы тақырып бойынша қатысушылар тұлғааралық қарым-қатынастың маңызды аспектілерін, соның ішінде этика мен сауатты мінез-құлық мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында білім алушылар сыпайылық пен басқаларға көңіл бөлудің қаншалықты маңызды екенін біліп, құрылымды диалог және жанжалдарды шешу тәсілдерін үйренді. Психолог сенімділік пен табысты қарым-қатынасты арттыру үшін практикалық кеңестер мен әдістерді ұсынды. Бұл тренинг білім алушыларға оқуда да, болашақ кәсіби өмірде де пайдалы болады.