2024 жылғы 24 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Концерттік бағдарламаны тәрбие бөлімі, ЖІК және колледж белсенділері дайындады.
Республика күні - Қазақстан халқының ынтымақтастығын және бірлігін бейнелейтін елдің басты ұлттық мерекесі болып табылады. Ұйымдастырылған іс-шара еліміздің құндылықтарының маңыздылығын атап өтіп, барлық қатысушыларды өз Отанына деген мақтаныш және отаншылдық атмосферасында біріктірді.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі баршаңызды Қазақстан Республикасының күнімен шын жүректен құттықтайды!