2024 жылғы 19-20 қазанда Шымкент қаласында «Murakami Cup» - каратэ-до шотокан бойынша Әлем кубогы жарысы өтті.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің, ФК-32Б тобының білім алушысы Николенко Руслан осы жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті.
Николенко Руслан екі санат бойынша үшінші орынға ие болды:
- Жеке ката (18-20 жас) - 3 орын.
- Жеке кумите (18-20 жас) - 3 орын.
Жеңімпазымызды құттықтаймыз және оған одан әрі табыс тілейміз!