2024 жылғы 18 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Оқу-әдістемелік кеңестің кезектен тыс отырысы өтті. Отырыс барысында 2024-2025 оқу жылына арналған колледж кафедраларының жұмысына қатысты негізгі мәселелер қаралды.
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Рамазанова У.К. қатысушыларды білім беру бағдарламалары мәселесі бойынша Индустриялық кеңестің шешімімен таныстырды. Атап айтқанда, оқу үдерісін жетілдіруге және оның заманауи талаптарға сәйкестігін арттыруға бағытталған өзгерістер мен ұсынымдар талқыланды.