АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 14 Қазан 2015 03:57

Ұстаздар күні

     Ұстаздар күні

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Жылда жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиіпті. Осыған орай, қазан айының 2-ші жұлдызы, «Ұстаздар күніне» арналған «Көкше»Академиясы  мекемеі жанындағы азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінде мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.  Ұстаздар күні ме­рекесімен шын жүректен құттықтаймын! Ұстаздар күні – бұл дәстүрлі әрі бүкіл­халықтық мереке десек артық айтқандық болмас. Ұлы ғұла­ма­лардың да ұстазы болған. Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан дей келіп, мерекелік  концерттің бірінші  болып құттықтау сөз кезегі  колледж  директоры Тюлебаев Аскер Жамантаевичке берілді.

Осы кұттықтау сөз кезегінен кейін  Айтжанова А. орындауында «Ұстазым» әні орындалды. Абыройлы міндетті ақаусыз атқарған мұғалімді халқымыз қашанда ерекше құрмет тұтқан. Ұстаз­дың әр адам жүрегінен алатын орны айрықша, қолына қалам ұстатып, алғаш әліппені үй­реткен мұғалімін жылылықпен еске алмайтындар кемде кем. Ендеше сахна төріне марапаттау рәсіміне

–педагогикалық әдістеме бірлестігінің жетекшісі Анисова А.Г,

-жаратылыстану-математика әдістемесі бірлестігі жетекшісі Нұрсейтова Р.З.

-экономика,тарих,құқық әдістемесінің  бірлестігінің  жетекшісі   Сарсенбаева А.Б

-дене тәрбиесі  және  алғашқы  әскери  дайындық  әдістеме  бірлестігі  жетекшісі  Болатова.А.Ж шақырылды.

 Ұстаздарымызға арнап басымызды исек те артық кетпегеніміз болар ”, дей келіп, Ұстаз сөзінің қа­сиетті ұғымдардың қатарынан  адал еңбек етіп, орын алуының өзінде үлкен мән жатқандығын атап өтіп, әр әдістеме жетекшілері ұстаздарды алғыс хатпен  марапаттады.

Осы мерекелік кеште  әсем әнімен шебер, Жанболат пен Айгерімнің орындауында  «Бақыттымын өзіңмен» дуэті нақышына келтіріп, көпшіліктің  назарына бөленді. Бауыржанның күмбірлеткен домбырасымен термесі ой тербетті ,мың бұралған қыздардың биі мен «Не детское  время» биі көңіл көтеріп, Медеттің «Аспанға қараймын әнімен» ұстаздарды биге шақырып,т.б.әндер шырқалып, ұстаздарды мерекелерімен шын жүректен  құттықтап,зор денсаулық,ұзақ өмір, қажымас қайрат,еңбектеріне табыс тілей отырып, «Ұстазым әні»  хормен орындалып, ұстаздарға гүл шоқтары тапсырылды.

    ұстаздар мерекесі

Авторы:;Бекахметова Ж.С