2024 жылғы 17 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Педагогикалық шеберлік орталығында «Мен мемлекеттік тілде сөйлеймін» клубының сабақтары басталды. Клубтың негізгі мақсаты - білім алушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ олардың тілдік және ойлау қабілеттерін дамыту.
Клуб сабақтарында білім алушылар қазақ тілі сабақтарында алған білімдерін қайталай келіп, шығармашылық әлеуетін дамытып, танымдық қабілеттерін арттырады және өз ойларын қазақ тілінде білдіруге үйренеді.
Күтілетін нәтижелерге ертегілерді, әңгімелер мен өлеңдерді оқу және талдау, шығарманың мағынасын түсіну, кейіпкерлерді бағалау, адамгершілік қасиеттерді сипаттау кіреді. Клуб мүшелері шығармаларды мәнерлеп жатқа оқуды үйренеді, сондай-ақ өлеңдер, шығармалар жазуға және жұмбақтар құрастыруға қызығушылықтарын дамытады.