2024 жылғы 17 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Зерделі Ұрпақ» ЖҚБ-мен бірлесіп «Көкшетау қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ жобасы шеңберінде семинар өтті. Дәрісті жоғары санатты психотерапевт дәрігер, нарколог, «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» ШЖҚ МКК директоры Высоцкий А.А. өткізді. Дәріс тақырыбы: «Тәуелділік себептерінен профилактикалық бағдарламаларға».
Дәріс барысында нашақорлықтың пайда болу себептері мен нашақорлықтың алдын алудың заманауи тәсілдері егжей-тегжейлі қарастырылды. Білім алушылар берілген ақпаратты қызығушылықпен қабылдап, белсенді сұрақтар қойды және тақырыпты өзара талқылады.