2024 жылғы 17 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде 1 курс білім алушыларына «Ерте жүктілік» тақырыбында дәріс өтті. Іс-шара «Панацея» клиникасының психологы Аманбаева У.С. және колледж психологы Мазбаева Г.А. қатысуымен ұйымдастырылды.
Дәрістің негізгі мақсаты білім алушыларға салауатты өмір салтына, отбасылық әл-ауқат пен бақытқа деген құндылық көзқарасын қалыптастыруға көмектесу болды. Іс-шара барысында білім алушылар теориялық білім алып қана қоймай, жасөспірімге тән проблемалық жағдайларды талдауға белсенді қатысты.