2024 жылғы 16 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде бірінші курс білім алушыларымен кездесу өтті. Іс-шараға полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция капитаны Турсимбаева Н.К. шақырылды.
Кездесу тақырыбы «Тәртіп - құдіретті күш» болды. Жиналған білім алушыларға тәртіпті сақтаудың құқықтық аспектілері мен маңыздылығын түсіндіру мақсатында қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік нормалары туралы маңызды ақпарат берілді.