2024 жылғы 16 қазанда АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында директордың оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары С.Бостанбаева ұйымдастырған кеңес өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру оқытушыларын аттестаттау ережелерінің негізгі аспектілерімен таныстыру болды. Оқытушыларға аттестаттаудан өту кезінде ескеру қажет маңызды талаптар және критерийлер егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Іс-шара барлық қатысушылар үшін өте пайдалы болды, оқытушылар аттестаттаудан сәтті өту үшін қажетті түсініктемелер мен ұсынымдар алды.