2024 жылғы 15 қазанда АҚЖКК бірінші курс білім алушыларымен кездесу өтті. Осы кездесуге Көкшетау қ. ПБ ЖКБ жедел уәкілдері, полиция аға лейтенанттар Булат А.Б. және Акимбеков Т.М. шақырылды. Құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында білім алушыларға «Бұқаралық ақпарат құралдары қауіпсіздік әлемі, әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық» тақырыбында ақпарат берілді.
Іс-шара барысында білім алушылар интернеттегі және әлеуметтік желілердегі ең көп таралған алаяқтық схемалары туралы білді, сондай-ақ жеке деректерді қорғау және алаяқтық қылмыстардың алдын алу бойынша ұсыныстар алды. Ұсынылған ақпаратты жақсы қабылдау үшін осындай оқиғалардың алдын алуға бағытталған бейнероликтер көрсетілді.