АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 14 Қазан 2024 10:41

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының жазғы чемпионаты

2024 жылғы 7-12 қазан аралығында АҚЖКК командасы Түркістан қаласында өткен «Түркістан-2024» ерлер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ХХХ жазғы чемпионатына және әйелдер арасындағы өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының Х жазғы чемпионатына қатысты.  

Жарысқа 22 команда, соның ішінде Өзбекстан және Қазақстанның ұлттық құрама командалары қатысты.

Бұл жарыстар команда үшін өте маңызды кезең болды, табандылығы мен осындай қиын спорт түрін жетілдіруге деген ұмтылысын анық көрсетті.