2024 жылғы 9 қазанда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің екі оқу ғимараттарының аумағында «Еңбегі адал – жас өрен» республикалық жобасын іске асыру шеңберінде «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясы өтті.
Білім алушылар қоршаған ортаның тазалығына бастамашылдық пен қамқорлық көрсете отырып, аумақты тазалауға белсенді қатысты. Акция жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға және оқу орнының аумағында тәртіпті сақтауға маңызды үлес болды.