2024 жылдың 3 қазанында АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында «Өрт-құтқару дайындығы» бойынша 3-курс білім алушылары арасында жарыс өтті.
Іс-шара білім алушылардың жауынгерлік дайындығын арттыруға және кәсіби дағдыларын жетілдіруге, сондай-ақ теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларды бекітуге бағытталған. Қатысушылар кәсіби қызметке дайындығын растай отырып, өрт-құтқару қызметінің негізгі міндеттерін орындауда өз қабілеттерін тамаша көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар келесі орындарға ие болды:
- Гран-при – ЧС-32А тобы;
- 1 орын – ӨҚ-31А тобы;
- 2 орын – ТЖ-31Б тобы;
- 3 орын – ӨҚ-31Б;
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!