АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024 04:23

Тренингтік сабақтар

2024 жылғы 23-27 қыркүйек аралығында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде психолог Мазбаева Г.А. «Бірінші курс білім алушысы» тақырыбында бірінші курс білім алушыларын бейімдеу бойынша тренингтік сабақтар өткізді.

Осы іс-шаралардың мақсаты білім алушылардың оқу процесіне сәтті бейімделуіне, олардың үйлесімді дамуына және кәсіби құзыреттіліктерді игеруге ынталандырылуына жағдай жасау болды. Іс-шаралар барысында командалық жұмыс дағдыларын дамытуға, қолайлы психологиялық климат құруға және ұжымды біріктіруге ерекше назар аударылды. Білім алушылардың белсенді қатысуы, шығармашылық тапсырмалар және сенсорлық бөлмені пайдалану тренингтердің сәтті жүзеге асырылуына жақсы ықпал етті.