АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 30 Қыркүйек 2024 14:09

Жалпы колледждегі ата-аналар жиналысы

2024 жылғы 27 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Біртұтас тәрбие» тәрбие бағдарламасы аясында, бірінші курс білім алушыларының ата-аналары арасында жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. Іс-шара ZOOM платформасында өтті және «Үздік тәртіп мектебі - отбасы» тақырыбына арналды. Жиналыста директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Г.Ж., құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі инспекторы Махамбетова А.Е. және колледждің педагог-психологы Мазбаева Г.А. сөз сөйлеп, отбасындағы тәрбие мен тәртіп мәселелерін талқылады.