АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сенбі, 28 Қыркүйек 2024 03:39

«Үздік өндірістік оқыту шебері» байқауы

2024 жылғы 27 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің №2 оқу ғимаратында «Үздік өндірістік оқыту шебері» байқауы өтті. Бұл іс шара колледж қабырғасында бірінші рет өткізілді. Байқауды өткізудің мақсаты педагогикалық шеберлікті жетілдіру және «өндірістік оқыту шебері» лауазымының беделін арттыру, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде озық тәжірибені тарату және ілгерілету болып табылады.

Байқау нәтижелері бойынша «Гран-при» иегері - Ли Марк Евгеньевич, 1 орын - Ғабит Аңсар Маратұлы, 2 орын - Исаков Біржан Жеткірбайұлы, 3 орын - Шульга Константин Валерьевич.

Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Қатысушыларымыз үшін бұл сайыс кәсіпқойлықты көрсетуге, әріптестерімен тәжірибе алмасуға және біліктілікті арттыруға тамаша мүмкіндік болды.

Құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!