2024 жылғы 26-27 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде бірінші курс білім алушыларымен Ақмола облысы ПД ҰҚҚКБ полиция майоры Амангельдинов О.С. қатысқан кездесулері өтті. Құқық бұзушылықтың алдын алу аясында полиция майоры білім алушыларға «Жастар арасындағы қылмыстар және білім беру ұйымдарындағы бопсалау» тақырыбы бойынша ақпарат ұсынды.
Іс-шара білім алушылардың құқықтық мәселелер туралы хабардарлығын арттыруға және оқу ортасында мүмкін болатын заңсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған. Білім алушыларға нақты оқиғаларға негізделген қылмыстық топтарды ұстау туралы бейнероликтер көрсетілді.