АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Бейсенбі, 26 Қыркүйек 2024 03:25

Есірткіге қарсы акциясы

2024 жылғы 25 қыркүйекте АҚЖКК білім алушылары Ақмола облысының Полиция департаменті ұйымдастырған есірткіге қарсы кең ауқымды акциясына қатысты. Іс-шара аясында білім алушылар еріктілер қозғалысы өкілдерімен бірлесіп есірткі жарнамасын жоюға және нашақорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық буклеттерді таратуға белсенді қатысты. Акция есірткімен күресудің маңыздылығын атап өтті және салауатты өмір салтына назар аударды.  

Кескіндер галлереясы