АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 25 Қыркүйек 2024 03:16

Таныстыру экскурсиясы

2024 жылғы 25 қыркүйекте Көкшетау қаласының құтқару станциясында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің ЧС-22А, Б, В және Г тобының 2-курс білім алушылары үшін таныстыру экскурсиясы өткізілді. Экскурсия апаттық-құтқару жабдықтарын тексеруден басталды, онда студенттерге әртүрлі құралдар көрсетіліп, олардың мақсаты түсіндірілді.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары білім алушыларға өз жұмыстары туралы айтып, аквалангшының жабдықтарын көрсетіп, оны пайдалану және қызмет көрсету ережелерін түсіндірді. Сондай-ақ, кинологиялық топпен кездесті, онда олар иттердің іздеу операцияларын ойын ретінде қабылдайтынын білді. Білім алушылар төрт аяқты құтқарушылармен танысу мүмкіндігіне ие болды, сонымен қатар олардың жаттығулары мен дағдыларын бақылай алды.