2024 жылдың 13 қыркүйегінде Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Тілдер фестивалі» өтті.
Фестиваль қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтті, бұл еліміздің мәдени және тілдік алуандығын көрсетуге мүмкіндік берді. Фестивальдің мақсаты тілдік мұраны сақтап қана қоймай, оқу ортасындағы мәдениетаралық өзара әрекеттестікті нығайту болды.