2024 жылғы 9 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспектор, полиция капитаны Турсимбаева Назира Каппасовна білім алушыларға арналған дәріс өткізді. Аталған іс-шараның тақырыбы: «Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық».
Дәріс барысында полиция капитаны заң бұзушылықтардың құқықтық аспектілері мен салдарын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар, білім алушылардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық сана мен өз іс-әрекеттері үшін жауапкершіліктің маңыздылығын атап өтті.