2024 жылғы 5 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде білім алушылардың Көкшетау қаласы прокуратурасының қызметкерлері Байжанова Луиза Болатовна және Анвар Ардак Бауыржанұлымен кездесуі өтті. Іс-шара аясында «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі» және «Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстар» сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.
Кездесу білім алушылардың құқыққа қайшы әрекеттердің құқықтық салдары туралы хабардарлығын арттыруға және олардың құқықтық сауаттылығын нығайтуға бағытталған. Дәріс соңында білім алушылар өздерін қызықтырған құқықтық сипаттағы барлық сұрақтарға жауап алды.