АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 04 Қыркүйек 2024 16:24

Студенттік парламент мүшелері және ЖІК өкілдерімен кездесу

2024 жылғы 4 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде, бейімделу кезеңі аясында, бірінші курс білім алушыларының Студенттік парламент мүшелері және ЖІК өкілдерімен кездесуі өтті.  

Іс-шара бірінші курс білім алушыларын студенттердің өзін-өзі басқару қызметімен және колледж өміріне қатысу мүмкіндіктерімен таныстыруға бағытталған. Студенттік парламент мүшелері және ЖІК өкілдері өз жұмыстары, алдағы іс-шаралар мен жобалар туралы айтып, жиналған білім алушылардың туындаған барлық сұрақтарына жауап берді.