АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 03 Қыркүйек 2024 04:18

1-ші курс білім алушыларының колледж директорымен кездесуі

2024 жылғы 3 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде, бірінші курс білім алушыларының бейімделу кезеңі аясында, бірінші курс білім алушыларының колледж директорымен кездесуі өтті.

Кездесуге директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Рамазанова Умут Каиргельдиновна және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Гульжанар Жаксылыковна қатысты.  

Колледж басшылығы бірінші курс білім алушыларын оқу үдерісі мен тәрбие жұмысының негізгі аспектілерімен таныстырды, сондай-ақ білім алушылардың жаңа оқу ортасына сәтті бейімделуіне ықпал ете отырып, олардың сұрақтарына жауап берді. Бұл кездесу бірінші курс білім алушыларына колледждің ұстанымдары мен мақсаттарын жақсырақ түсінуге, сондай-ақ олардың оқу сапарының бастапқы кезеңінде қолдауды сезінуге көмектесті.