АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 02 Қыркүйек 2024 10:25

Жоспарлы кездесу

2024 жылғы 2 қыркүйекте Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде бірінші курс білім алушыларының бейімделу кезеңі шеңберінде ұйымдастырылған жоспарлы кездесуі өтті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Гульжанар Жаксылыковна білім алушыларға тәрбие процесінің негізгі аспектілері, шығармашылық клубтарға қатысу мүмкіндіктері және ЖІК қызметі туралы айтып берді. Кездесу барысында бірінші курс білім алушылары ішкі тәртіп ережелерімен және студенттік өмірдің басқа да маңызды аспектілерімен танысты, бұл оларға жаңа оқу ортасына жақсы бейімделуге үлкен көмек береді.