2024 жылғы 29 тамызда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жаңа үрдістері» тақырыбы бойынша педагогикалық кеңестің отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі педагогикалық кеңестің құрамы мен жұмыс жоспарын бекіту мәселесі бойынша колледж президенті Қасым Ш.Ж. сөз сөйледі. Директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары Альжанова Д.Х. 2024-2025 оқу жылына талапкерлерді қабылдау туралы есеп ұсынды. Алдағы оқу жылына арналған оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселесін оқу бөлімінің меңгерушісі Мускина Б.Ж. және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шайхина Г.Ж. қарастырды. Отырыс соңында басқа да өзекті мәселелер талқыланды.