АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 17 Маусым 2024 09:02

Смакова Аимгуль

Колледжде оқу кезінде мен үшін қиын кезеңдер болған жоқ. Барлығы түсінікті және ең бастысы қызық болды. Дәл осы мамандыққа түскен себебім бұл - мен бала кезден бастап оқытушы болуды армандаған едім және де осы арманымды орындап, білікті ұстаз болу үшін Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжіне оқуға түстім.
Колледж өмірі ең бастысы маған өмірлік талап пен өзіме деген сенімділікті арттыруға ықпал етті. Мен жауапкершілік пен шығармашылықты жақсы дамыттым. Колледжде оқу барысында мен өз қызығушылығымды педагогикалық сайыстарда таптым. WorldSkills чемпионаты арқылы мен өзімді одан сайын жігерлендіріп, үлкен жетістіктерге жеттім. Әсіресе осы жылы мен бұл байқауға ерекше қызығушылық таныттым.
Болашақ талапкерлерге кеңесім – Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжіне оқуға келіңіз. Мұнда оқу өте қызықты, студенттік өмір көңілді және қарқынды. Колледжде оқытушылардың барлығы білім алушыларды жылы лебізбен қарсы алып, тек қана алға ұмтылуға шабыттандырады. Қиын кездерде колледж мамандары өз білім алушыларына қолдау көрсетуге әрқашан дайын.