АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 14 Маусым 2024 07:16

Құттықтаймыз!

2024 жылдың 13 маусымында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің Суда құтқару орталығында оқу курстарын аяқтағаннан кейін біздің колледж білім алушыларына Ақмола облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының қоғамдық құтқару бекеттері үшін құтқарушы-жасақшыларды даярлау курстарынан өткені туралы сертификаттары табыс етілді.
Білім алушылар Суда құтқару орталығында теориялық және практикалық оқытудың толық курсынан өтті.
АҚЖКК өз білім алушыларын табысты мансапқа қажетті сапалы білім мен практикалық дағдылармен қамтамасыз ете отырып, оқу бағдарламаларын белсенді дамытады