Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде, Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасында бітіруші курс білім алушыларының қорытынды мемлекеттік аттестаттау басталды.
Колледждегі қорытынды мемлекеттік аттестаттау әр түлектің өміріндегі ең маңызды кезең болып табылады. Бұл емтихан көп жылдық оқуды қорытындылап қана қоймай, сонымен қатар білім алушылардың кәсіби қызметке дайындығының маңызды көрсеткіші болып табылады. Емтихандарды сәтті тапсыру түлектердің алдында болашақ мансапқа жол ашады, олардың құзыреттілігі мен кәсібилігін растайды.