АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сәрсенбі, 12 Маусым 2024 12:38

Крюкова Анастасия

Бастапқыда мен жігіттер арасында оқи алатыныма біраз күмәндандым, өйткені мен өзім таңдаған «Төтенше жағдайда қорғау» мамандығым қыздарға қарағанда жігіттерге жақынырақ екендігін түсіндім. Мектепте менде, керісінше, сыныпта қыздар көбірек болды. Бірақ Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжіне оқуға түскеннен кейін бұл қорқыныш толықтай тарқады. Мен АҚЖКК туралы мектептен бері білетінмін, көптеген таныстарым және достарым осында оқыды. Достарымнан жиі колледждегі оқутышылар мен тәртіп туралы жағымды пікірлерді естідім. Бұл мені қатты қызықтырды және Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжіне оқуға түсуге ынталандырды.
Оқу басталғаннан кейін менде аса қиындықтар болған жоқ. Оқытушылар құрамы өте жақсы, ал менің тобым керемет ұйымшыл болды. Колледжде мен оқуға және жаңа білім алуға үлкен қызығушылық таныттым, соның арқасында қиындықтар туындамады.
Колледжде оқып жүргенде мен білім алып қана қоймай, таңдаған мамандығымның үлкен жауапкершілігін түсіндім. Колледжді бітіргеннен кейін мен осы бағытта алға жылжуды жалғастырдым.
Барлық талапкерлерге ештеңеден қорықпай, мамандықты дұрыс таңдауды және өз мақсаттарыңызға қарай еркін жылжуды тілеймін. Кейде дұрыс бағыттағы ең кішкентай қадам да сіздің өміріңіздегі ең маңызды нәрсе болуы мүмкін.

Кескіндер галлереясы