Басында маған жаңа адамдармен және оқытушылармен әрекеттесу, сонымен қатар жалпы жаңа жағдай қиын болды. Менің дәл осы «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығына оқуға түскен себебім, балаларға сабақ беру менің балалық шағымдағы арманым еді. Мен үшін басты мотивация осы балалық арманның орындалуы болды. Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжіне түскеніме өте қуаныштымын.
Алғашында менде ерекше қиындықтар болған жоқ, өйткені мен колледж атмосферасына тез үйреніп кеттім. Басты қорқынышымды жеңіп, жаңа таныстар құруды үйрендім. Оқу мені жақсы өзгертті, ұстамды және сабырлы болдым. Оқу барысында менде үлкен қиындықтар болған жоқ.
Мен колледжде оқығанды қатты ұнатамын. Білім алушылар әр түрлі бағытта дамып, қызығушылықтары бойынша клубтарға жазылуға мүмкіндіктері бар. Мені барлық білім алушылар өздерінің эмоцияларымен шабыттандырады. Сонымен қатар директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары барлық іс-шараларға қатысуға және сахнада өнер көрсетуге мүмкіндік береді. Шығармашылық бағыттар мені ерекше қызықтырады.
Менің барлық талапкерлерге шын жүректен кеңесім: Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжіне оқуға түсіңіз. Мұнда сіз көптеген достар табасыз, жақсы білім аласыз. Оқудағы әр күніңіз сіз үшін қызыққа толы болады!