2024 жылғы 7 маусымда Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мемлекеттік тіл - этносаралық қатынас тілі» тақырыбында семинары өтті.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі маманы Куценко Анастасия Дмитриевна осы іс-шарада Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» төсбелгісімен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне және ел бірлігін нығайту мен Қазақстанның рухани құндылықтарын шоғырландыруға бағытталған әлеуметтік, мәдени және ақпараттық жобаларды іске асыруға белсенді қатысқаны үшін марапатталды.
Құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Дүйсенбі, 10 Маусым 2024 06:03