АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жұма, 07 Маусым 2024 05:54

"Өрт қауіпсіздігі" мамандығының түлегі. Выпускник специальности "Пожарная безопасность"

Менің атым Даниял. Бала кезімнен мені өрт сөндіруші-құтқарушының жұмысы қызықтырды, сондықтан да мектепті бітіргеннен кейін мен осы мамандыққа Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжіне оқуға түсуді шештім. Менің мамандығым игілікті мамандық, бірақ бұл мамандықтың үлкен қауіптілігі де бар. Бала кезімде мен суперқаһарман болуды армандайтынмын, бірақ жылдар өткен сайын нағыз батырлар өрт сөндірушілер-құтқарушылар екенін түсіндім.
Жалпы, менде оқуда бастапқыда үлкен қиындықтар болған жоқ. Топтастарымның қолдауы мен табандылығының арқасында мен уақытымды тиімді бөлуді және жүктемені дұрыс үлестіруді үйрендім. Мен кездестірген барлық қиындықтар мені сенімдірек және болашақ кәсіби сынақтарға дайын етті. Оқу барысында мен физикалық және моральдық тұрғыдан жақсы дамыдым деп ойлаймын.
Колледжде оқу барысында мен Павлодар облысында, Екібастұз қаласында, Солнечный ауылында, ГРЭС-2 өнеркәсіптік аймағында тәжірибеден өттім. Тәжірибе менде ерекше қызығушылық тудырды, өйткені біз үйден алыс болдық, вахталық жүйе бойынша жұмыс істедік. Нақты шақыруларға барып, өрт техникалық сабақтарына қатыстық, нормативтерді пысықтауды жүргіздік. Таза ауада жаттығып, ЖТК (жылу-түтін камерасында) бойынша дайындықтан өттік. Бөліммен зардап шеккендерді іздеу, сатыны орнату, жауынгерлік киімді уақытқа кию, сондай-ақ ТОЖҚҚ сияқты сабақтар да болды. Бұл уақыт барысында мен көптеген тәжірибе жинадым, бұл мені өте шабыттандырды және өрт сөндіруші-құтқарушы болуға одан әрі ынталандырды. Қазіргі уақытта мен Көкшетау қаласының №2 МӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы болып жұмыс істеймін.
Барлық талапкерлерге айтатын кеңесім: осы мамандықты таңдағанда, қиындықтарға дайын болыңыз, өйткені, ол көрінгендей оңай емес. Үйреніңіз, дами беріңіз, бұл сізге тек пайда әкеледі. Әрқашан өз мақсаттарыңызға жетіңіз, сонда сіз табысқа жетесіз.