2024 жылғы 30 мамырда Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған іс-шара өтті. Іс шара деректі кинофильмді тамашалаудан басталды. Қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік өтті.
Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушылары Ахметов А.К. және Касимова М.Д., сондай-ақ ПМНО-12Б тобының білім алушысы Красуцкая Арина және ӨК-11Б тобының білім алушысы Мейрбек Әділет дайындаған баяндамаларында Қазақстан тарихындағы осы қайғылы кезеңнің маңыздылығын атап өтті.