2024 жылғы 24 мамыр күні Көкшетау қаласының «Салтанат» сарайы жанындағы қалалық кітапхана «Адалдық – өмір негізі» тақыбырында іс-шара өткізді.
Шараға «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысы бойынша филиалының сарапшысы Самира Өмірбайқызы Тайтенова және Азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің студенттері қатысты.
Кітапханашылар жиналған білім алушыларға «Адал азамат» және «Әділетті Қазақстан» ұғымдарының мән-маңызы туралы айтты. Сөз алған білім алушылар сыбайлас жемқорлыққа қатысты өз пікірлерін ортаға салып, «Адалдық» ұғымы туралы өз ұстанымдарын білдірді.