2024 жылдың 24 мамырында АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында оқытушы Касимов Акаш Русланович ТЖ-21А тобында «Механикалық күштер» тақырыбында «Техникалық механика» пәні бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты білім алушыларға нақты өмірлік жағдайларға байланысты мәселелерді шешуге, әртүрлі жағдайларда дұрыс шешімдер табуға, ұсынылған мәселелерді эксперименталды түрде шешуге үйрету және нәтижелерді талдау қабілетін дамыту болып табылады.
Оқытушы презентацияларды, бейнероликтерді, сондай-ақ «Heyzine», «Wordwall», «Answergarden» және «Multiurok» интернет платформаларын белсенді пайдаланды.