2024 жылғы 24 мамырда АҚЖКК Азаматтық қорғаныс кафедрасында оқытушы Мукушев Жаслан Серикбайулы ПБ-22А тобында «Жергілікті торап» тақырыбында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты білім алушыларды жергілікті компьютерлік желілермен жұмыс істеуге үйрету, желілік топология мен оларды құруға арналған жабдықты зерттеу болып табылады.
Сабақта презентациялар, желілік жабдықтар, ноутбуктер, принтерлер және жергілікті кабельдер қолданылды. Топ екі кіші топқа бөлінді және білім алушылардың міндеті жергілікті желіні құру және оған ақпарат алмасу үшін перифериялық құрылғыларды қосу болды. Барлық білім алушылар бұл тапсырманы сәтті орындады. Сабақ қызықты өтті және топ керемет нәтижелер көрсетті.