2024 жылдың 22 мамырында Шымкент қаласында каратэ-до шотокан бойынша ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті.
Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің студенттері, ФК-22Б тобының білім алушысы Николенко Руслан, ФК-12С тобының білім алушысы Лихач Владислав және ПБ-22Б тобының білім алушысы Сутбаев Асанали командалық ерлер ката және командалық кумитэ чемпиондары атанды.
Сондай-ақ, Лихач Владислав 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеке кумитэ бойынша күміс медаль және Николенко Руслан 75 келіден жоғары салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды.
Спортшыларды жаттықтырушылар Руслан Дукембаев, Ернат Шарипов, Асель Калымова, Айжан Копаш және Айнаш Советова дайындады.
Құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз!