АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Сейсенбі, 21 Мамыр 2024 09:49

«Мемогу» тақырыбында ашық сабақ

2024 жылдың 17 мамырында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде ӨҚ-11Б тобында «Мемогу» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақты ағылшын тілі оқытушысы Усина Самал сериковна өткізіді.

Сабақтың мақсаты - сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сөйлеуді есту арқылы қабылдау қабілетін дамыту, тақырып бойынша жаңа лексикалық бірліктерді игеру, сонымен қатар есте сақтау механизмдері, оның түрлері мен мағынасы туралы түсінік қалыптастыру.

Сабақта білім алушылар жаңа сөздерді оқып, оларды бекітті. Презентациялар, бейнелер қолданылды, есте сақтау қабілетін жақсарту үшін интеллектуалды ойын және жаттығулар жасалды. Материалды бекіту үшін WordWall платформасы қолданылды.