АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖОҒАРЫ КӨПСАЛАЛЫ КОЛЛЕДЖІ
ВЫСШИЙ МНОГОПРОФИЛЬНЫЙ КОЛЛЕДЖ ГРАЖДАНСКОЙ ЗАЩИТЫ
Жексенбі, 05 Мамыр 2024 04:18

«Үздік жас оқытушы – 2024»

2024 жылдың 4 мамырында Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Үздік жас оқытушы – 2024» кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Осы байқау барысында оқытушылар өзінің тәрбие жұмысындағы кәсіби құзіреттілігін көрсете білді және шығаршылықтарымен таң қалдырды.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар келесі орындарға ие болды:
• 1 орын – Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Садық Айгерім Тұйғынқызы;
• 2 орын – Азаматтық қорғау кафедрасының жалпы кәсіптік және арнайы пәндер оқытушысы Орал Серікболсын Маратұлы;
• 3 орын – Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Базарбаева Аққу Рашидовна;
Сонымен қатар «Ең креативті оқытушы» номинациясы бойынша Азаматтық қорғау кафедрасының жалпы кәсіптік және арнайы пәндер оқытушысы Имекешов Магжан Алибекович және «Идеялар генераторы» номинациясы бойынша Педагогикалық және жалпы білім беру пәндері кафедрасының жалпы білім беру пәндерінің оқытушысы Рахимжан Карлыгаш Омержанкызы марапатталды.
Қатысушыларды жетістіктерімен құттықтай отыра, жұмыстарына сәттілік тілейміз!