Ақмола облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өткен «Үздік салауатты колледж» байқауына біздің колледж үш кезең бойынша да қатысты. Бірінші кезеңде «Денсаулықтың алтын тәжі» тақырыбында «СӨС бойынша үздік кураторлық сағат» өткізген ӨҚ-11А тобының кураторы Тойлыбаева Ұ.О., екінші кезеңде «Все в жизни можно исправить, пока ты жив?» тақырыбында НОО-41 тобымен «СӨС бойынша үздік психологиялық тренинг» өткізген Бейсембаева С.А., үшінші кезеңде «СӨС бойынша үздік би флеш-мобқа» қатысқан ТЖ-11А тобының білім алушылары болды. Үш кезең бойынша байқаушылар тарапынан жақсы деген баға қойылды. Байқау қортындысы алдағы уақытта белгілі болады.
Тойлыбаева У.О.