ПРЕСС-РЕЛИЗ
Наурыз айы бойы Дизайн мамандығының Д-42 тобының білім алушылары Көкшетау қаласының мұражайлары мен көрмелеріне барды. 7- наурызда әдебиет және өнер мұражайында өткен шебер қолшы Елисеева Анастасияның көрмесін тамашалады. Көрмеге келесі жұмыстар қойылды: қуыршақтар, кескіндеме, графика. Көрме өте қызықты және танымды өтті.
14- наурызда өлкетану мұражайында өткен Рашида Миниханованың көрмесін тамашалады. Көрмеге келесі шығармашылық жұмыстар қойылды: былғарыдан жасалған бұйымдар, витраждарға эскиздер, графика, кескіндеме, фотокартиналар. Бұл көрме білім алушыларды жаңа авторлық акфотель технологиясымен қызықтырды.
17-наурызда «Мұражайға саяхат» атты кураторлық сағат болды. Онда облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Мұражайда өткен бұл экскурсия өте қызықты өтті. Білім алушылар өз ойларындағы әртүрлі сұрақтарын қоя білді.
28-наурызда әдебиет және өнер мұражайында өткен Ш.Уалиханов университеті Дизайн көрмесінің ашылу салтанатына қатысты.
Жоғарыда көрсетілген барлық іс-шаралар кураторлық сағатта талқыланды.
Корнева О.С.